Қостанай ауданында алаяқтық әрекеттердің жаңа түрі тіркелді. Пошта тасушы қарт адамдардың сеніміне кіріп, олардың атынан ірі көлемде несие рәсімдеген. Хат табыстаймын деп алдап, егде кісілердің 2,3 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған. Осылайша бес зейнеткер алаяққа алданып, сан соғып қалды.