Биыл Қылмыстық атқару жүйесінде психология қызметінің құрылғанына 25 жыл. Осыған орай республикалық «үздік пенитенциарлық психолог» байқауы өтті. Сотталғандармен жұмыс істеуге және оңалтуға үлес қосқан мамандар өзара ең мықтыны анықтады.
16 өңірдегі құқық қорғау органдарының үздік психологтары жиналған байқау екі күнге созылды. Облыс орталығында өткен сайыстың ашылуында Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Нияз Рыспаев қатысушыларға сәттілік тіледі. 3 кезеңнен тұратын конкурста қызметкерлер өзара тәжірибе алмасып, практикалық қабілеттерін арттырды.