Қостанай облысының көш басында тұрған аграрлық аудандарының бірі - Әулиекөл. Мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы басым бағыт. Инфрақұрылымды дамыту, жол жөндеу, газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті қолдау арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға баса назар аударылған.