«Сөз құдіреті». Осындай атаумен Ы.Алтынсарин  атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мәнерлеп оқу байқауының финалы өтті. 11 жыл  қатарынан өткізіліп келген іс- шараға облыстың елді мекендерінен 12-13 жастағы балалар қатысты. Олар қазақстандық авторлардың көркем шығармаларынан үзінділерді жатқа айтып, бақ сынасты.