Қостанайдағы Пушкин атындағы кітапханада әдеби тағылымды кеш өтті. Түн ортасына дейін оқырмандар қызықты да тылсым әлемге саяхаттады. Ұйымдастырушылар олардың сүйікті кейіпкерлерін сахналады. Мәнерлеп өлең оқылып, әуезді әндер шырқалды.