«Senat Open» ашық кубогының іріктеу кезеңін ҚР Парламенті Сенаты, Қазақстан Шахмат федерациясымен бірлесіп, тұңғыш ұйымдастырып отыр. Алғашқы ақыл-ой бәсекесі барлық деңгейлі мәслихат депутаттарын қамтыды. Жер-жерден жиналған халық қалаулылары зияткерлік сайыста өздерінің шахмат ойыны бойынша шеберліктерін байқатты.