Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Осыған орай, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы жобасы іске қосылды. Қызмет алу үшін өтініш беруші тек тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, қажетті тексеруден өтуі керек, ал қалған процестер оның қатысуынсыз өтеді