Су тасқынынан зардап шеккен Қостанай ауданының тұрғындарына облыс орталығынан пәтер беріледі. Бұрынғы үйлері қалпына келтірілуге жарамсыз деп танылған отбасылар қазірден-ақ болашақ баспаналарының жай-күйімен танысып жатыр. Оларды қоныстандыру туралы әкімдік пен құрылыс компаниясы арасында келісім-шарт жасалған.