Биыл ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ордасының ашылғанына 140 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай, мектеп ұжымы студенттер мен оқушыларға арналған Ыбырай Кап турнирін ұйымдастырды. Сөз жарысына облыстың түкпір - түкпінінен 30 шақты команда қатысты.