Облыста су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу бойынша комиссия  құрылып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бір реттік әлеуметтік төлемнен бөлек, бүлінген мүлік, жасалатын жөндеу жұмыстарына да қаражат  беріледі. Бұл туралы сала мамандары брифингте мәлім етті.