Әз-Наурыз мерекесін әр мекеме-ұйым әлдеқайда жоғары деңгейде думандатып, есте қаларлық ерекше әсерге бөленуге тырысады. Мейрам шеңберінде тек дастарханнан дәм татып, ұлттық ойындар ұйымдастырумен шектелмей, дала дәстүрлерін дәріптеуге ұмтылады. Келісті көрініске көпшілік облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен көрмеде куә болды. Қолдан жасалып, назарға ұсынылған туындылар топтамасын тілшіміз де тамашалап қайтты.