«Kia Corporation» президенті және бас директоры Хо Сун Сон Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Аймақтағы Kia автокөліктерін шығаратын зауыттың құрылысымен танысып, өндіріс ошағында болып қайтты. Айта кетейік, бұл еліміздегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Болашақта зауыт жылына 70 мың автокөлік шығарады деп жоспарлануда.