Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 14-сәуірден бастап әрбір облыста қоғамдық штаб құрылып, өз жұмысын бастады. Оның мақсаты - зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды халыққа хабардар ету. Бүгінде су тасқыны салдарынан шығындалған тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.