Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, облыста биыл көлік-логистика саласын дамытуға ерекше мән беріледі. Бұл мақсатқа 71 млрд теңге қарастырылған. Өткен жылдан 22 %-ға артық. Әуежай арқылы тасымалданатын жүктің де көлемі ұлғайған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында айтылды.