Бүгін Қостанай облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов келді. Үкімет басшысы алдымен Әулиекөл ауданына барып, өрттен кейін қолға алынған жұмыстардың барысымен танысты. Президент тапсырмасы бойынша салынып жатқан үйлердің құрылысын тексерді.