«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмектесуге дайын. Қор өкілдері Жангелді және Аманкелді аудандарында 100 баспана салады. Бұл үшін облыстық әкімдікпен екіжақты келісімге қол қойылып, меморандум жасалды.