Ауыл тұрғындарына жаңа медициналық нысан | «Елбесік»
Сарыкөл және Науырзым аудандарына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Құмар Ақсақалов елді мекендердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Аймақ басшысы Сарыкөл ауданына қарасты Маяк ауылындағы жаңадан салынған фельдшерлік-акушерлік пунктті аралады. Заманауи талаптарға сай жабдықталған медициналық нысан 500-ден астам тұрғынға қызмет көрсетуге арналған.
Бұған дейін ауыл тұрғындары медициналық көмекті ескі әрі шағын ғимаратта алып келген. Енді жергілікті халықтың игілігіне толық жабдықталған жаңа медициналық пункт беріліп, медициналық қызмет көрсетуге қолайлы жағдай жасалды.
Жоба
Елбесік