Негізгі Видео Арқалық – тарих пен жаңғыру тоғысқан қала | «Елбесік»

Арқалық – тарих пен жаңғыру тоғысқан қала | «Елбесік»

Торғай төсінде бой көтерген Арқалық қаласы биыл өзінің 70 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтті. Үш күнге созылған мерекелік іс-шаралар аясында спорттық жарыстар, мәдени-рухани кездесулер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсіресе, ұлттық спорт түрлерінен өткен сайыстар мен өнер жұлдыздары қатысқан гала-концерт мерекенің сәнін келтірді. Дүбірлі думан шаһардың шежірелі тарихына тағзым етіп, бүгінгі жетістіктерін саралауға мүмкіндік берген маңызды белес. Бүгінде Арқалықтың инфрақұрылымын жаңғырту, көлік қатынасын дамыту және экономикалық әлеуетін арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде

Жоба
Елбесік
Бөлісу