Арқалық перзентханасының жөндеу жобасы сынға ұшырады | «Елбесік»
Таяуда облыс әкімі Құмар Ақсақалов облыстың оңтүстік өңірлеріне барып, жұмыс барысымен танысқан болатын. Нәтижесінде, атқарылып жатқан істермен қанықты. Алғашқы сапар Арқалықтан басталды. Шаһардағы перзентхана ғимараты 1971 жылдан бері биыл алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Аумағы 2 гектардан сәл асатын жер учаскесінде орналасқан нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ғимараттың сыртқы қасбетін безендіру бойынша бірнеше нұсқа қарастырылған. Алайда нысанды аралаған облыс әкімі бастапқы жобаны сынға алды. Оның айтуынша, таңдалған қасбет перзентханадан гөрі кәдімгі кеңсе ғимаратына ұқсайды.
Жоба
Елбесік