Бидайықтың белесті белесі | «Елбесік»
Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Жангелдин ауданына қарасты Бидайық ауылына биыл 45 жыл. Таяуда ауылдан түлеп ұшқан әр жылғы азаматтар туған елдің мерейін асырып, мерейтойды жоғары деңгейде атап өтті.
Іс-шара алдымен Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының рухына Құран бағыштаудан басталды. Бидайық ауылының 45 жылдығы бір қарағанда қас-қағым уақыт болғанымен, ел тарихы үшін талай тағдырды, еңбекті, қуаныш пен қиындықты бойына сыйдырған қастерлі кезең. Осы жылдар ішінде Бидайық көптеген азаматты түлетіп, талай отбасына құтты қоныс болды. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары іргетасы қаланған Бидайық ауылының өркендеу кезең ел ағаларының әркез жадында.
Жоба
Елбесік