Барвиновка ауылы | «Елбесік»
Ауылға аяқ басқан сәттен-ақ көзге түскені тазалыққа деген ерекше жауапкершілік. Көшелер тап-таза, айнала мұнтаздай. Әрбір аула мен көше бойынан тұрғындардың туған жеріне деген жанашырлығы мен ұқыптылығы анық аңғарылады. Ауыл халқының тазалықты күнделікті өмір салтына айналдырғаны бірден байқалып, көңілге жылы әсер сыйлады. Ауылға бастайтын ұзын жолмен ілгерілеп келе жатқанымызда ауыл әкімі Серік Темірбекұлы жолықты. Амандық-саулық сұрасқан соң, елді мекеннің тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар төңірегінде әңгіме өрбіттік.
Жоба
Елбесік