Негізгі Видео Ажары артқан - Арқалық | «Елбесік»

Ажары артқан - Арқалық | «Елбесік»

Арқалық – Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан, талай тарихи кезеңді бастан өткерген шаһар. Биыл қала өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде талай белесті бағындырған Арқалық бүгінде жаңа тыныс алып, болашағын айқындаған қала ретінде дамып келеді.


Кезінде өндірістің тірегіне айналған шаһардың бүгінде көлік инфрақұрылымы да жаңаруда. Теміржол вокзалы қайта жөнделіп, қалаға жаңа жолаушылар пойызы қатынай бастады. Әуе қатынасын қайта жандандыруға мүмкіндік туды.


Сонымен қатар Арқалықты өзге облыстармен байланыстыратын автожолдар кезең-кезеңімен жөнделіп жатыр. Жаңарған көлік инфрақұрылымы қаланың экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың қатынасын жеңілдетуге бағытталған.

Жоба
Елбесік
Бөлісу

Аймақтық телеарналар