«Елбесік» бағдарламасының бұл шығарылымы Қостанай облысында өткен ұлттық қолөнер жәрмеңкесі аясында дайындалды. Бағдарламада шеберлердің қолынан шыққан туындылар, мүсіндер, ұлттық киімдер, домбыра мен сәукеле сынды жәдігерлер арқылы қазақ халқының бай мәдени мұрасы дәріптеледі. Сонымен қатар, көрмеге қатысушы мүсіншілер, кинорежиссерлер, сәнбикелер мен музей қызметкерлерінің пікірлері арқылы ұлттық өнердің заманауи үрдістермен ұштасуы, жас таланттардың қалыптасуы және өңірдегі шығармашылық әлеуеттің дамуы көрсетіледі.