Науырзым ауданының Шолақсай ауылы – тарихы мен тағылымын сақтап, еңбек пен бірлікті ту еткен мекен. Бағдарламада ауылдың өткені мен бүгіні, туған жердің дамуына үлес қосып жүрген ел жанашырлары, қымыз өндірісін кәсіпке айналдырған тұрғындар, мәдениет ошағының тынысы және ауылдағы инфрақұрылымның жаңаруы сөз болады. «Елбесік» бағдарламасында Шолақсайдың бүгінгі келбеті мен болашаққа деген сенімі көрермен назарына ұсынылады.