Жітақарада әлеуметтік осал топтағыларды баспанамен қамту ісіне жан бітті. Себебі бұған дейін бұл шаруа шабандап қалған еді. Облыс әкімдігінің және «Қостанай минералдарының» бірлескен әрекеттері берекетке ұласып, 35 отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алатын болды.