Қостанай қаласының экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауында да, әлеуметтік жағдайының жақсаруында да алға жылжу бар. Бұған сан-саладағы даму дәлел. Шаһарда жыл бойы ірі жобалар жүзеге асырылып, 335 мың шаршы метрге жуық баспана пайдалануға берілген. Инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар да жүйелі атқарылды. Қала әкімі облыс орталығында өтіп бара жатқан жылы атқарылған жұмыстарды саралады.