Еркін күрес шебері Лаура Әлмағамбетова елге олжалы оралды. Ол Қырғызстанның Бішкек қаласындағы әйелдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды. Ел абыройын асқақтатқан спортшымызды өңір жұртшылығы да зор ілтипатпен қарсы алды.