ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі облысқа ат басып тіреп, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Светлана Жақыпова эвакуациялық пункттердің жұмысымен танысып, біржолғы материалдық көмек алу тетіктерін түсіндірді.