Денсаулық сақтау министрлігі арнайы мамандарға жолдама алу тәртібін, диагностикалық емшараларға жазылуды, жалпы практика дәрігерлеріне бірнеше рет жүгіну қажеттілігін қайта қарайтын болды. Бұған, медициналық ұйымдарға пациенттер тарапынан түсетін шағымның ең көп үлесі дәл осы мәселеге қатысты екендігі түрткі болды. Қазіргі уақытта созылмалы аурулары бар пациенттер үшін арнайы мамандарға қолжетімділік процесін едәуір жеңілдететін жаңа регламенттер дайындалып жатыр.