Қостанай қаласында ауыз су сапасы қанағаттанарлық деңгейде. Стандартқа сай. Тұтынуға болады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы осылай деді. Жыл басынан бері санитарлық-химиялық, микробиологиялық көрсеткіштерге мониторинг жүргізіліп, су сапасы бақылауға алынған. Ал тасқын кезінде бұл жұмыстар күшейтіліпті.