Елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтудың жаңа тетіктері әзірленіп, оның аясында арендалық төлемдерді субсидиялау мен баспана салу бойынша қолдау шаралары ескерілген. Қостанай облысында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Мамыр айында Әуежай шағын ауданында тағы бір несиелік көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі.