Қостанайға еліміздің әр түкпірінен келіп жатқан гуманитарлық көмек легі толастар емес. Солардың қатарында Қарағанды мен Шымкент қалалары да бар. Олар судан зардап шеккен жергілікті халықты азық-түліктер мен мотопомпа, электрогенератор сынды қажетті құралдармен қамтамасыз етуде.