Облыстық орыс драма театры көрермендерін жаңа қойылыммен қуантпақ. Жеңіс күніне арнап бұнда «Көк орамал» қойылымы әзірленіп жатыр. Туынды Валентин Катаевтың пьесасы желісімен жазылған. Премьера 2-ші мамырда өтеді.