Бас бостандығынан айырылған азаматтарды әлеуметтік ортаға бейімдеу. Абақтыда тәртібі үлгілі болып, еңбекке бейімді екенін көрсеткендерге қоғамда өз орнын табуға жәрдемдесу. Әулиекөл ауданында да бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған ондаған кәсіпкерлер қатысып, ұсыныстарын білдірді.