Су тасқыны кезінде қауіпті аумақтардан көшірілген азаматтарға тиісті жәрдем жасалып жатыр. Түлігі мен мүлігінен айырылған Тобыл-Торғай тұрғындарына өзге өңірден де гуманитарлық көмек жіберіліп жатыр. Бұл сынақты жұмыла әрекеттенсек қана еңсереміз, - дейді қол ұшын созғандарға қостанайлықтар атынан алғыс білдірген мешіт қызметкерлері.