Облыс әкімі кезекті рет халық үніне құлақ түрді. Тұрғындарды қабылдап, қордаланған мәселелер бойынша сауалдарын тыңдады. Ал, шешімін күткен мәселелер аз емес. Елді мекендердегі инфрақұрылым, тұрғын үйлерді басқару, тағы басқа сұрақтар. Құмар Ақсақалов әрбірін мұқият тыңдап, жауапты органдарға нақты тапсырма берді.