Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада көрнекті геолог-ғалым, ҚР Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаушы, академик Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай «Қазақ жерінің ұлы ғалымы» атты тағылымды кеш ұйымдастырылды. Шараға жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, тарихшылар тың ақпараттармен бөлісті.