«Таза Қазақстан». Бүгін ел бойынша экологиялық акция басталды. Республикалық шараға қостанайлықтар да белсене атсалысып жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасымен барлық мекеме, кәсіпорындардың қызметкерлері мен қарапайым тұрғындар да қолдарына саймандарын алып, қаланы күл-қоқыстан тазартуда.