Облыс орталығы мен Қостанай ауданының арасындағы қатынас орталық көпірге салмақ салуда. Осы орайда аталған аумақта көлік кептелісі болып, қозғалыс қиындай түскен. Енді ол мәселе оң шешім тауып келеді. КЖБИ шағын ауданындағы көпір қайтадан ашылып, жолаушыларға қызмет көрсететін болады.