Қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келген төл мерекеміз Әз- Наурыз мейрамын жақсылықтың нышаны деп білеміз! Ұлттық думанды ұлықтаған ұзынкөлдікер осылай дейді. Түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан тойдың ауданда жоғары деңгейде аталып өткеніне біз де куә болдық.