Ырыс пен ынтымақтың, береке мен біртұтастық жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мейрамын Сарыкөл ауданының халқы бар сән-салтанатымен тойлады. Самарқанның көк тасы еріп, барша тіршілік атаулы ұйқысынан оянатын жаңару мен жаңғыру кезеңін жергілікті жұрттың асыға күткенін тойға арналған тарту-таралығыларынан -ақ айқын аңғаруға болады.