Бұл күні облыстың түкпір-түкпірінде мейрам ерекше тойланып жатыр. Қостанайдағы көпқабатты үйлердің тұрғындары ауланы думанға бөледі. Қостанайға мейман боп келген испан елінің азаматтары бұған таңданысын жасыра алмай, наурызды күнделікті өмірге шуақ төгер рухани тірек, жалпыұлттық мереке деп бағалады.