Қазақ елі дамудың жаңа кезеңіне қадам басып, Президенттің бастамасымен қолға алынған көлемді реформалар елімізді түбегейлі жаңғыртуға бағытталған. Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасын қабылдаудағы мақсат - бұған дейін қалыптасқан түсінікті түбегейлі өзгерту емес. Көне мейрамның бастапқы мәнін қайтарып, қыр-сырын ашу. Мемлекет басшысы бұған дейін Наурыздың форматын өзгерту туралы ұсынысын ортаға салған. Сол кезде, азаматтардың күнделікті өміріне шуағын төгер жаңа рухани тірек іздеген жалпыұлттық сұраныс байқалды. Осылайша, түрлі этнос пен дін өкілдірін біріктіретін ұлыстың ұлы күнінің қадір-қасиеті бұрынғыдан да арта түсті. Ұлы далада ұлық мереке биыл 14-ші наурыздан бастау алды. «Наурызнама» деп аталып, әр күн салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, көңілді бағдарламалармен айшықталды.