Құқық саласындағы реформалар мен ізгілендіруге бағытталған жұмыстар бүгінде нәтиже бере бастады. Сотталған азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қолдау шаралары да қылмысты азайтуға септігін тигізуде. Бұл ретте, пробация қызметінің рөлі ерекше. Шалыс басып, жазасын өтеп шыққандарды оқшауламай, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту тиімдірек. Қостанайда Қылмыстық-атқару жүйесінің мамандары кезекті іс-шара өткізді.