Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Амангелді ауданына барып, Үштоғай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Аймақ басшысы азаматтардың тұрмысын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан шараларға шолу жасап, бұқараның сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ ол елді-мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын нысандарды да тексеріп қайтты. Бүгінгі күні Амангелді ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалар аз емес. Олардың ішінде жол мәселесі, тұрғындарды ауыз сумен қамту және кәсіпкерлікті дамыту да қарастырылған. Мәселен, ағымдағы жылы Үштоғай ауылының 5,8 шақырым жолы күрделі жөндеуден өтпек. Ал, шағын және орта кәсіпті дамыту мақсатында 66 жоба қолға алынған.