Қазір елімізде жұмыссыздықты шектеуге баса назар аударылып отыр. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін облыс тұрғындарын еңбекпен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл салада биыл Тобыл қаласында бірқатар жұмыс атқарылуда. Өлке экономикасын дамытып,тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты шектеуге шағын және орта бизнес саласының да қосып отырған үлесі қомақты.Қазір бұл салада облыстың 155 мыңдай тұрғыны еңбек етіп, күнкөрісіне тірек табуда.