Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жастарды қолдауға басымдық беріліп, осы бағытта көптеген шара жүзеге асырылып, жастардың бастамаларын дамыту тұрғысында мардымды жұмыстар жасалып келеді. Жастар бастамаларының ішінде көпшілік көзайымына айналған, рейтингі жоғары жобалардың бірі – жайдарман ойындары. Қостанай өңірінде де аталмыш жоба өз көрермендерін тауып, жыл сайын жоғары ойын деңгейін көрсетіп, дарынды жастарды тәрбиелеп шығаруда.