20-ншы қараша сайлау. Президент кезектен тыс сайлау күнін белгілеп, жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев ел болашағы мен халық тағдыры әр адамның қолында деп үндеу жасады. Президент. Парламент. Үкімет әрі Мәслихат. Төрт құрылым да қайта құрылады. Бірақ бірден емес, біртіндеп. Бұл биыл жүзеге асырылған іргелі референдумның негізі. Осылайша, билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнайды.