Ғасырға қадам басқан мектеп | «Елбесік»
Қаратүбек мектебі 1926 жылы ашылып, ауыл балаларының сауатын ашуға мүмкіндік туды. Уақыт өте білім ордасы талай өзгерісті бастан өткерді. Бірақ оның басты мақсаты ұрпаққа білім беру міндеті ешқашан өзгерген жоқ.
Мектептің мерейлі жылына мерекелік жиында білім ордасының қалыптасу жолы мен жеткен жетістіктері сараланып, білім шаңырағының қоғамдық өміріне белсене араласқан, білім мен тәрбие саласында елеулі еңбек еткен ұстаздар мен үздік педгогтарға айрықша құрмет көрсетілді. Салтанатты іс-шара барысында бірқатар азаматқа арнайы марапаттар табысталып, олардың еселі еңбегі мен мектеп дамуына қосқан үлесі атап өтілді.
Жоба
Елбесік