Негізгі Видео Шаруаларға мол мүмкіндік | «Агробизнес»

Шаруаларға мол мүмкіндік | «Агробизнес»

Ауыл шаруашылығы мен ұлттық дәстүрді тоғыстырған ауқымды агрофестиваль өтті. Үш күнге созылған іс-шара ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне арналған. Агрофестиваль егін орағы қарсаңында аграрлық саланың заманауи мүмкіндіктерін көрсетуге, озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді таныстыруға, сондай-ақ өңірдің мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

Биыл «Қостанай Дала фестивалі» он бірінші рет өткізіліп отыр. Жылдар бойы бұл іс-шара елдегі ең ірі ауылшаруашылық алаңдарының біріне айналды. Мұнда ауылшаруашылық өндірушілері жаңа технологиялармен танысады. Іскерлік серіктестер өзара серіктестік орнатып, тәжірибе алмасады. Биыл ондаған отандық және халықаралық компаниялар өз өнімдерін ұсынды. Іс-шараға Қостанай облысының барлық аудандары мен қалалары қатысты.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар